Назарбаев Мирзиёевті Өзбекстан Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Мирзиёевті Өзбекстан Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.