Назарбаев Млечинмен заманауи әдебиеттің перспективасын талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Леонид Млечинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында заманауи әдебиеттің ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ қоғамдық дамудың өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы жазушының және барша әдебиет өкілдерінің оқырманды мәдени әрі рухани байыту жолында сіңірген елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысына жаңа табыс тіледі.
Л.Млечин өзінің соңғы туындылары мен алдағы шығармашылық жоспарлары туралы айтты.