«Назарбаев орталығының» ұжымы апатқа ұшырағандардың отбасылары үшін көмек қорына біркүндік жалақыларын аударды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Назарбаев орталығы» көп салалы ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық  мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан шекарашылар мен экипаж мүшелерінің отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Назарбаев орталығының» ұжымы апатқа ұшырағандардың отбасылары үшін көмек қорына біркүндік жалақыларын аударды

«Назарбаев орталығының» ұжымы бірауыздан апатқа ұшырағандардың отбасылары үшін көмек қорына біркүндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады.