Назарбаев пен Атамбаев Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев пен Атамбаев Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан пен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.