00:35, 10 Қараша 2017 | GMT +5
Назарбаев пен Путин адам капиталын дамытуға арналған көрмені тамашалады
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмеге барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Көрме Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында өткізілді. Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерінің экспозициялары көрсетілді.
Көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.