Назарбаев ресейліктерді Қазақстан кәсіпорындарын жекешелендіруге қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік компанияларды қазақстандық кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырды.

Назарбаев ресейліктерді Қазақстан кәсіпорындарын жекешелендіруге қатысуға шақырды

«Қазіргі уақытта біз ауқымды жекешелендірудің кезекті кезеңіне кірістік. Мемлекеттің мақсаты-экономикада кәсіпорындардың 15 пайыздайын ғана қалдыру. Бәсекелестік ортаға жалпы сомасы шамамен 10 млрд. долларды құрайтын 800-ге жуық мемлекеттік кәсіпорын беріледі. Сату қарапайым аукционннан бастап, стратегиялық серіктестікке нақты сатуға дейінгі әртүрлі әдіспен жүргізілуде. Ресейлік компаниялар бұл шараға белсенді қатысады деп ойлаймын», - деді Н.Назарбаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі жөніндегі рейтингінде 41-ші орында тұрғанын айтты.

«Біз экономиканы кезең-кезеңімен жаңғыртуды жалғастыра беретін боламыз», - деді Елбасы.