Назарбаев Теміртау шахталарындағы трагедиялар үшін жауапкершілік арқалай ма?

Шахта
Фото: Depositphotos.com/TTstudio

Назарбаев «АрселлорМиттал Теміртау» шахталарындағы трагедиялар үшін жауапкершілік арқалай ма? Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Жеке пікірлеріңізді айтыңыздаршы. Осы кәсіпорынды тиын-тебенге сатып жіберген, 100-ден астам адамның өліміне жол берген Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық болмаса да, тым болмағанда жеке моральдік жауапкершілік арқалауы керек пе?», - деп сұрады БАҚ өкілі брифингтегі Үкімет мүшелерінен.

Сұраққа Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ғана жауап берді

«Әріптестер, біз сіздермен бірге өмірдің 30 жылдық кезеңін өткердік қой. Ауыспалы кезең өте ауыр болды. Экономикалық байланыстардың бәрі үзіліп, жұмыс орындарын, кәсіпорынды сақтау проблемаға айналды. Қазір де сондай мәселе қойылып отыр. Біздің жағдайда қазір кәсіпорын әлем экономикасына интеграцияланған. Ол кезде бүкіл байланысты үзген едік. Сондықтан ол кезде де шетелдік инвесторды тартып, кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ету керек болды. Қазір ол кезде дұрыс шешім қабылданды немесе теріс шешім қабылданды деп айта алмайтын шығармыз. Ең бастысы қазір ол кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Енді әрі қарай жұмыс істей беруі керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар