Назарбаев университеті «Талап» стипендиясын тағайындайды

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Биыл біз Назарбаев университетінде «Талап» стипендиясын тағайындап отырмыз. Оның аясында университетте қызмет етіп жүрген жас ұстаздар шетелге барып, кәсіби дайындықтарын шыңдай алады.
None
None

 Бұл туралы журналистерге сұхбат берген Назарбаев университетінің Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша Дайырова мәлім етті.

«Биыл бес маман үшін «Талап» стипендиясы бөлініп отыр. Олар шетелде магистратура мен докторантура бойынша білім алатын болады. Әсіресе, химиялық инженерия, жоғары энергия сияқты болашағы бар салаларға негізгі басымдық беріледі», - дейді Қ.Дайырова.

«Талап» стипендиясы бойынша білім алу жүйесі «Болашақ» бағдарламасына негізделген. Бірақ онда үй-жайды кепілдікке салу міндеті жоқ. «Себебі біз өз мамандарымыздың қайтып келетіндігіне сенімдіміз», - дейді Назарбаев университетінің Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Дайырова. «Талаптың» алғашқы иегерлері АҚШ пен Ұлыбританияда білім алады.

Соңғы жаңалықтар