16:57, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Назарбаев Университетін К.Мәсімов «бір жұтым таза ауа» деп атады
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Астанадағы Назарбаев университетінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысы болып өтті.
«ЖҒТК (Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия). Ғылым туралы әңгімелестік. Назарбаев Университеті - бір жұтым таза ауа», - деп жазды К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.
Назарбаев Университеті - Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары оқу орны. Қазіргі күні мұнда түскен барлық студенттер мемлекеттік гранттар есебінен білім алып жатыр.