Назарбаев Университетін құру - еліміз бағындырған тағы бір белес - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Назарбаев Университетінің түлектерін диплом алуларымен құттықтады.

Назарбаев Университетін құру - еліміз бағындырған тағы бір белес - ҚР Президенті

«Мен университеттің қамқорлық кеңесін, басшылығын профессорлар мен қызметкерлерін алғашқы түлектерімен құттықтаймын. Қаржылай қолдау білдіріп, көмек қолын созған мецанттарға да жеке алғысымды білдіремін. Бұл - біздердің осынау бірегей университетті құру және дамытудағы ортақ еңбегіміздің маңызды нәтижесі. Мен түлектердің ата-аналарын да балаларының ардақты армандарын орындауымен де құттықтаймын. Оларда бізбен бірге қуанып жатқан шығар. Мен барша қазақстандықтарды да біздің еліміз бағындырған тағы бір белеспен құттықтаймын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы түлектер алдында ерекше жауап кезең тұрғанын баса атап өтті.

«Мен сіздерден барынша кәсібилік күтемін. Сіздердің оқуларыңыз алғашқы диплом алуларыңызбен тәмамдалмайды. Ол бүкіл өмір бойы жалғасады. өмірдің басты шындығын сіздер оқудан кейін аласыздар»,- деді ҚР Президенті.

Елбасы өз ісінің нағыз кәсібиі ғана алған білімін қорытып қана қоймай оны нақты іске асыратындығын баса атап өтті.

«Мен университеттің барлық түлегі дәл сондай кәсіби болатындығына сенемін», - деді Н.Назарбаев.