Назарбаев Университетiнде әлемде баламасы жоқ күн электр стансасы сынақтан өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Total» француз мұнай-газ компаниясы мен оған еншiлес «SunPower» кәсiпорны Астанадағы Назарбаев Университетiнiң технопаркiнде әлемде баламасы жоқ күн электр стансасын сынақтан өткiзуде.
Жоба Назарбаев Университетiнiң қызметкерлерiмен жүзеге асуда.
«Total» компаниясының қоғаммен байланыс бойынша директоры Данияр Сәлiмбаевтың тiлшiлерге берген сұхбатында, аталмыш технология күн энергетикасы саласында тың иедяның негiзiнде құрылған.
Жобаны жүзеге асыру 2013 жылы қолға алынған. Бүгiнде электр стансасы сынақ алаңында iске қосылды. Ол 30 метрлiк екi электр жетектен тұрады. Құрылғы толықтай автоматтандырылған, күн сәулесiнен энергия жасайтын заманауи техниканы күту де қиын емес.
«Бұл технология өнеркәсiпке енгiзiлместен бұрын сынақтан өтуi тиiс. Содан кейiн ғана нарыққа шығарылады. Астана тегiннен-тегiн таңдалып отырған жоқ. Бұл құрылғы ауа райының барлық жағдайларынан: суықтан, ыстықтан, желден, жаңбырдан және тағы басқа сынақтардан өткiзiлетiн болады», - дедi ол.
Жоба жетекшiлерiнiң айтуынша, бұл жоба алыс шалғайдағы фермаларға оңтайлы болмақ.