Назарбаев Университетінде білім алған түлектер саны 2,5 мың адамға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінде салтанатты түрде V оқу бітіру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Қоры», «Назарбаев зияткерлік мектептері» Жоғары Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

«Осылайша, Назарбаев Университетінен оқып шыққан түлектеріміздің саны 2,5 мың адамға жетті. Сіздер елдің дамуы жолында үлкен рөл атқарасыздар. Мен өте қуаныштымын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана президенттік лауазымынан кететінін жария еткен еді. Міне, сол себепті Сіздер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіне аяқ басып келесіздер», - деді НУ президент Шигео Катсу.

Биыл аталмыш университеттегі түлектер саны - 963 студент. Оның ішінде 565 студент бакалавриат бағдарламасы бойынша, 378 студент магистратура бағдарламасы, 14-і - медицина докторы және 6 студент докторантура бағдарламасы бойынша оқу бітіруде.

Түлектердің көпшілігі Ғылым және технологиялар мектебінің (270 түлек), Инженерия мектебінің (225 түлек), Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (168) бакалавриат бағдарламасының студенттері. Магистрлік бағдарлама бойынша Жоғары бизнес мектебін 82 студент, Жоғары білім беру мектебін 80 түлек, Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебін 49 түлек, Инженерия мектебін 70 түлек, Ғылым және технологиялар мектебін 34 түлек, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебін 19 түлек, Медицина мектебін 27 түлек, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылым мектебін 20 түлек аяқтаған.
null

Назарбаев Университетіне қарасты Мектептер АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур сияқты елдердің жетекші оқу орындарымен әріптестікте әзірленген бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді. Тиімді академиялық ортаны құру және елдің адами капиталын дамыту мақсатында Университетке студенттерді оқыту үшін әртүрлі елдердің үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілері жұмысқа шақырылған. Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлері әлемнің 53 елінен келген.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінде 4663 студент оқып жатыр. Оның 2927-і бакалавриат бағдарламасы, 994-і магистратура бағдарламасы бойынша, ал 742і дайындық бағдарламасында оқуда.

Соңғы жаңалықтар