Назарбаев Университетінде бірнеше бағдарлама ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінде бірнеше бағдарлама ашылады. Бұл туралы бүгін Назарбаев  Университетінде өткен ашық есік күн акциясы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қабылдау департаментінің директоры Гүлназ  Бөлебаева  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгінгі күні Назарбаев Уинверситетінде 4200-ден астам студент оқып жатыр. Олар магистратура, докторантура, бакалавриат және университетке оқуға түсу үшін дайындық бағдарламасы бойынша оқиды. Жалпы, студенттер Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, Медицина, Жоғары бизнес, Жоғары мемлекеттік саясат, Жоғары білім беру, Инженерия, ғылым мен технологиялар мектептерінде білімдерін шыңдайды», - деді ол.
null 

Сонымен қатар, оның айтуынша, биылдан бастап тау-кен ісі мектебінде магистратура, ал Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде PhD мамандықтары ашылған. Ал келесі жылдан бастап бакалавриат мамандығы бойынша бірнеше бағдарлама ашу көзделген.
null  

null 

«Нақты айтқанда мұнай-газ инженериясы, тау-кен ісі және геология инженериясы бағдарламасын ашу жоспарымызда бар. Бізде барлық сабақтар бірінші курстан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазақ тілі де оқытылады. Жалпы Назарбаев Университетіне түскісі келетін талапкердің білімі жоғары болуы тиіс», - деді Гүлназ Бөлебаева.

Департамент басшысының айтуынша, мұнан бөлек алдағы бір айдың көлемінде Назарбаев Университетіне түскісі келген талапкерлерге дайындық курсы ашылып, онда олар ағылшын тілін жетік меңгеретін болады.

null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум