Назарбаев Университетінде инсульт болған науқастардың оңалып кетуіне мүмкіндік туғызатын дәрілік препарат жасалуда

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінің химия және биология кафедрасында инсульт болған науқастарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін дәрілік препарат жасалуда,

 деп хабарлады университет профессоры және осы жобаның автор Чарльз Гилман Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

 «Біз инсульт болған науқастарға аурудан кейін тезірек оңалып кетуге көмектесетін жаңа дәрілік зат жасап жатырмыз. Науқастарға инсульттан кейін оңалуға көмектесетін дәрі-дәрмектер қазір жоқ», - дейді Ч.Гилман.

Профессордың айтуынша, жоба «метформин» деп аталатын препаратты үш кезеңде клиникалық сынақтан өткізуге негізделген.

Бірінші кезеңдегі сынақ derio rerio деп аталатын балыққа жасалмақ, себебі ол балықтың жүйке жүйесі адамкіне ұқсас. Ғалымдар балықты жасанды жолмен инсультқа ұшыратып, одан кейін дәріні сынай бастайды. Екінші кезеңдегі сынақ тышқандарға жасалмақ.

Ал үшінші кезеңде сынақ адамдарға жасалады деп жоспарланып отыр. Жобаның серіктестері - «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ мен «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ.

Айта кету керек, метформин препараты диабетпен ауыратын науқастарды емдеуге қолданылады. Университет ғалымдары клиникалық сынақтардың көмегімен бұл препараттың инсульт болған ауқасты оңалтуға көмектесе алатынын дәлелдемек.

Профессор Чарльз Гилманның айтуынша, қазір адамдар аз қозғалады және дұрыс тамақтанбайды, соның нәтижесінде инсульт ауруы кең тарап отыр. Ал сыналып жатқан дәрі адам ағзасындағы биохимиялық процестерді спортпен шұғылданған кездегідей жұмыс істетеді. Зерттеушілер бұл ем-дом инсультқа ұшыраған науқастың оңалуына көмектеседі деген үмітте.

Соңғы жаңалықтар
telegram