"Назарбаев Университетінде" Қазақстан мектептерінің мұғалімдеріне арналған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісі бойынша өткізілген оқыту курсының бірінші сессиясы аяқталды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - "Назарбаев Университетінде" Қазақстан мектептерінің мұғалімдеріне арналған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісі бойынша өткізілген оқыту курсының бірінші сессиясы аяқталды.

"Назарбаев Университетінде" Қазақстан мектептерінің мұғалімдеріне арналған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісі бойынша өткізілген оқыту курсының бірінші сессиясы аяқталды

Оқу курстарын Кембридж университетінің мұғалімдері өткізді, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

Курс тыңдаушылары Астана қаласы мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген мектеп мұғалімдері болды. Жоба ауқымында қол жеткізілген дағдыларды іс-тәжірибеде қолдану тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында қатысушыларға кейіннен онлайн қолдау көрсету жоспарланып отыр. "Назарбаев Университетінің" білім беру саясаты орталығы атап өткендей, жобаның 50 тұңғыш қатысушысы келешекте өздері University of Cambridge International Examinations сертификаттарымен жетекші немесе модератор болып жұмыс істей алады.

Келесі оқу сессиясы ағымдағы жылдың маусым айында өтеді. Курс "Назарбаев Университетінің" "Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту" жобасының ауқымында өткізіліп жатыр. Оқудың соңында мұғалімдер Кембридж университетінен арнайы сертификаттарды алатын болады.