«Назарбаев Университетінде» Қазақстанның энергетикалық жүйесінің даму жобасы жасалуда

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның энергетикалық жүйесінің даму үлгілерін жасау жобасы энергия жүйесі дамуының тиімді сценарийін жасауға және  парник газдарының шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді,

«Назарбаев Университетінде» Қазақстанның энергетикалық жүйесінің даму жобасы жасалуда

 деп хабарлады pm.kz  сайты.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесінің даму нұсқаларын энергетикалық, экономикалық және экологиялық модельдеу және оның ғаламдық энергетикалық жүйемен өзара байланысы»  жобасының мақсаты жаһандық үрдістерді ескере отырып энергетиканың даму нұсқаларын пішіндеу болып табылады.

Ол үшін TIMES жүйесін іске қосу қажет. Қолдану аясы кең TIMES жүйесі  өңірлер бойынша уақыттық бөлуді, модулді қағиданы, үзіліссіз қолдану мүмкіндігін ескере отырып, энергия жүйесін дамытудың болжамын жасауға мүмкіндік береді.

Жоба авторларының айтуынша, бұл жоба тек дәлірек болжамдар алуға ғана емес, парник газдарының шығарылуын азайтуға да көмектеседі.

Айта кету керек, жоба бірнеше кезеңді қамтиды. Ол: TIMES жүйесі арқылы мәлімет жинау және талдау жасау, Қазақстан үшін сценарлық модельдер жасау, Каспий өңірінің моделін жасау және жаһандық  желіге ықпалдасу. Осы жұмыстардың нәтижесінде энергетика саласының даму сценарийі  және оның ұлттық  және әлемдік деңгейдегі қоршаған ортаға тигізетін әсерінің сценарийлері жасалады.

Жоба «Назарбаев Университетінің» Энергетикалық зерттеулер орталығында іске асырылуда.