«Назарбаев Университетінде» материалдарды зерттеудің инновациялық алгоритмдері зерттелуде

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университетінде» іске асырылып жатқан кеуекті материалдардың қасиеттерін зерттеу жөніндегі топологиялық әдістерді зерттеу жобасы

«Назарбаев Университетінде» материалдарды зерттеудің инновациялық алгоритмдері зерттелуде

өнеркәсіптік кәсіпорындарға кеуекті материалдарды белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жайында Pm.kz сайты хабарлайды.

«Кеуекті материалдар мен олардың энергетикалық ландшафттарының кейбір қасиеттерін анықтау үшін топологиялық тәсілдер мен әдістердің алгоритмдер кешенін әзірлеу» жобасы кеуекті материалдарды зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау және визуализациялау әдістерін жасауға бағытталған.

Басты мақсат кеуекті материалдардың өзіндік қасиеттерін анықтау болып отыр. Жаңа топологиялық әдіс тәжірибелердің барысын визуалды бақылауды оңтайландырады және зерттеу жұмыстарының шығыны мен мерзімін азайтады.  Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер өнеркәсіптік кәсіпорындарға отандық индустрияға кеуекті материалдарды белсенді қолдануға тезірек ауысуға көмектеседі.

Бұл жобаны іске асыру компьютерлік талдау және материалдарды моделдеу әдістерін  кеңінен қолдануға және өнеркәсіптік индустрияның дамуына оң әсерін тигізеді. Жоба «Назарбаев Университетінің» Энергетикалық зерттеу орталығында зерттелуде.