14:50, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Назарбаев Университетінде оқығысы келетін талапкерлердің білім деңгейі артуда
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінен білім алғысы келетін талапкерлердің деңгейі жылдан-жылға артып келеді.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында аталған жоғары оқу орнының Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша Дайырова мәлім етті.
Оның атап өтуінше, өткен жылдары осы білім ордасына емтиханнан минималды шекті балл алған талапкерлер еркін түссе, ағымдағы жылы ондай нәтиже көрсеткіштер тіпті қаралмаған да.
«Яғни деңгей өсіп келеді, IELTS-тің (ағылшын тілінен сынақ тапсырудың халықаралық жүйесі) жоғары болғандығы да бар. Егерде де өткен жылы «Foundation» үшін 5,5 балл қажет болса, ағымдағы жылғы орташа балл 6-дан асып жығылды. 7, тіпті 8 балл жинаған балалар да болды», - деді Қ.Дайырова.
Сондай-ақ оның айтуынша, пәндік емтихандардың да нәтижелері өткен жылдарға қарағанда біршама жоғары болды.