Назарбаев Университетінде Студенттік фильмдер фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Назарбаев университетінде Студенттер ісі жөніндегі департаменттің қолдауымен «Жастар Парламенті - Астана» ҚҚ ұйымдастыруымен дәстүрлі Студенттік фильмдер фестивалі өтеді. Бұл туралы Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаментінен хабарлайды.

Назарбаев Университетінде Студенттік фильмдер фестивалі өтеді

Гала-концерт кезінде студенттердің қысқа метражды үздік фильмдері көрсетілмек. Онда жастардың адамның салауатты өмір сүру салты, адамгершілік қасиеттер мен этикасы сынды әлеуметтік тақырыптар қамтылады.

Жыл сайын ұйымдастырылып жүрген бұл шарада қазақстандық әйгілі кино және театр қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы үздіктердің үздігін анықтайды.

Фестивальға қатысушылар «Үздік әлеуметтік ролик», «Үздік монтаж», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік идея», «Үздік мультфильм», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша өз бақтарын сынамақ.