«Назарбаев Университетінде» Жоғары білім беру мектебі ашылады
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университеті» Кембридж университеті мен Мектебі және Пенсильвания университетіндегі серіктестерімен бірлесіп Жоғары білім беру мектебін ашады, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.
РМ. kz сайтының мәліметінше, ынтымақтастық туралы меморандумға тараптар Астана қаласындағы жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразия форумында қол қойған.
«Назарбаев Университеті Жоғары Білім беру мектебі арқылы білім беру саласында алдыңғы қатарлы ілім және ғылымды қолдану тәжірибесін жинақтау және тарату міндетін жүзеге асырады», - делінген хабарламада.
Жоғары Білім беру мектебінде орта және жоғары білім беру менеджменті мамандықтарына магистратура бағдарламасы бойынша оқыту 2013 жылдың қыркүйек айында басталады.
Сондай-ақ, келешекте докторантураның PhD бағдарламасы іске қосылады. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі - халықаралық ЖОО-да Қазақстанның және шет елдердің студенттері оқитын болады деп күтілуде.
Жаңа мектеп Қазақстанның білім беру жүйесі үшін басқару кадрларын даярлаудағы алдыңғы қатарлы және ғылыми орталық болады, сондай-ақ серіктестерімен және басқа да шетелдік оқу орындары мен зерттеу орталықтарымен бірлесе зерттеулер жүргізу арқылы білім беру саясаты саласындағы зерттеулердің ғылыми базасын жетілдіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.