«Назарбаев Университетіне» оқуға тікелей түсудің жаңа ережелері жасалды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университеті» 2012 жылы студенттерді бакалавриат бағдарламасына тікелей, Foundation бағдарламасынан тыс, қабылдай бастайды,
None
None

деп хабарлады Университеттің Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Қадиша Дайырова Pm.kz сайтына.

«Біз Foundation бағдарламасынан тыс, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға түсудің жаңа ережелерін әзірледік. Атап айтқанда, ағымдағы жылы оқуға тікелей түсу және басқа оқу орындарынан ауысу іс-шаралары қарастырылып отыр, тікелей оқуға түсетін және ауысып келетін студенттер үшін  50-ге жуық орын жоспарлануда», - деді Қадиша Дайырова.

Қазіргі таңда «Назарбаев Университетіне» оқуға түсетіндермен мақсатты дайындықтар жүргізілуде. Талапкерлердің көбісі қазірдің өзінде ағылшын тілі бойынша IELTS, TOEFL сертификаттарына ие.

«2012 жылы біз дайындық курсына 500 адам қабылдаймыз. Қаңтар айының соңында жағдай бойынша 4 мыңнан астам өтініш қабылданып отыр, ал олардың 2 мыңға жуығы ағылшын тілі бойынша диагностикалық тест (ВСЕРТ) тапсырды», - деп атап көрсетті Қадиша Дайырова.

Наурыз-сәуір айларында өтетін келесі кезеңде талапкерлер пәндер бойынша SET тестін тапсырады. Бұл емтихан  University College London (UCL) оқу орнымен серіктестікке жүргізіледі.

«Ал маусым айының соңында біз іріктелген барлық талапкерлердің алдын-ала саны мен олардың баллдарын білетін боламыз. Шілде айында қабылдау комиссиясымен бірлесіп барлық материалдарды зерделеу жұмыстары басталады», - деді Қ.Дайырова.

Оқу орнының ақпараты бойынша, оқуға өтініш беріп отырған үміткерлердің 21,8 пайызы - астаналықтар болса, 18,7 пайызы -алматылықтар, 8 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысының талапкерлері.

Соңғы жаңалықтар