Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 24 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі №1051
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесін беру және оның Даму бағдарламасын бекіту туралы
«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымына зерттеу университеті мәртебесі берілсін. 2. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы зерттеу университетінің 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ