Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкентте 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады», - деді А. Мамин.

Бұдан бөлек ол 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға берілетінін атап өтті. Сондай-ақ жыл сайын 10 мың орын берілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға жоғарылап 2 есе өсетінін, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе көбейетіндігін айтты.


Соңғы жаңалықтар