Назарбаев Университетінің түлектері еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етуі қажет - Елбасы

«Біз заманның қиындықтарына қарамай, экономиканың қиындықтарына қарамай сендердің алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүрулерің үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясы, Ұлт жоспары, Нұрлы жол бағдарламасы, Жаңа экономикалық саясат - еліміздің өсіп-өркендеген 30 мемлекеттің қатарына кіруі үшін жасалып отыр. Бұл сендердің нағыз кемелденген кездеріңде болатын жағдай. Осыны бірге құруларың керек. Сендер де еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етулерің, барша жастарға үлгі болуларың қажет», - деген Мемлекет басшысы түлектерге сәт сапар біледі.
Сонымен қатар, Елбасы «Болашақ» бағдарламасын ашып, бірнеше мың жасымызды шетелдік үздік оқу орындарында білім алуға жағдай жасағандығын атап өтті. Бүгінде олардың 10 мыңнан астамы елге оралып, ел экономикасын көтеруге атасалысып жүргендерін айтты.
«Сендер біздің тәуелсіздігіміздің ұясынан ұшқан ұрпақсыңдар. Менің қолымнан ұшқан ұрпақсыңдар. Сол үшін мемлекеттің осы қамқорлығын бағалап, жан аямай елдеріңізге қызмет етесіңдер деп сенемін. Қазақстанның көк туын аспаннан желбіретіп, тік ұстап, болашақта елдің абройын асқақтата береді деп сенемін», - деді Н.Назарбаев.