Назарбаев ұшақ апатына байланысты Бразилия Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Назарбаев ұшақ апатына байланысты Бразилия Президентіне көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.