«Назарбаев Зияткерлік мектебінде» жаңа оқу бағдарламалары сынақтан өтуде

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - 2012-2013 оқу жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» Кембридж университетімен бірлесіп жасалған жаңа оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу басталады,

«Назарбаев Зияткерлік мектебінде» жаңа оқу бағдарламалары сынақтан өтуде

деп хабарлады ұйым басқармасы төрағасының орынбасары Pm.kz сайтына.

«2012-2013 оқу жылдары біз  Кембридж университетінің оқытушылары мен біздің педагогтер бірлесіп жасаған 7-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді бастамақпыз»,- деп хабарлады Н.Аюбаева.

Бағдарлама біздің отандық мұғалімдердің қатысуымен әзірленгені атап көрсетілген, келешекте бұл мұғалімдер осындай бағдарламаларды өздері де жасайтын болады.

Бұдан басқа,  Н.Аюбаева Кембридж университетінің аталған оқу бағдарламасын әзірлеуге ат салысқан мамандары білім беру бағдарламаларын жүргізуге және қолдауға қатысатын болады, ал бұл НЗМ педагогтерінің біліктілігін арттыра түседі деді.

«Кембридж университетінің педагогтері жаңа технологияларды әкеліп, жаңа оқу бағдарламаларын біздің педагогтерімізді оқытып-үйрету арқылы енгізгенін қалаймыз. Бұл бағдарлама аяғынан тұрып кетуі үшін, сынақ кезінде біз оларды жетілдіріп немесе кемшіліктерін жою үшін және оны басқа мектептерге енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін олар бірлесе жұмыс істейтін болады», - деп қосты ол.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» арналған оқу бағдарламаларын Кембридж университетімен серіктестікте әзірлеу 2010 жылы басталды. Зияткерлік мектептердің жетілдірілген оқу бағдарламалары өз бойына үздік халықаралық және отандық практиканы біріктіріп, білім берудің халықаралық сапасына сай болады деп күтілуде.