Назарбаев зияткерлік мектептері өз жетістіктерін көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 18-і күні «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, мектеп оқушыларының жетістіктерін паш етпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елорданың «Астана» атты концерт залында (бұрынғы Конгресс-xолл) сағат 16:00-де өтетін есеп беру шаралары барысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту мен тәрбие беру жұмыстары таныстырылады. Арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастыралады. Сондай-ақ мектеп оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдары арнайы сатылым көрмесіне шығарылатын болады.

«Біз алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқитын балалардың жұмыстарын xалықтың назарына ұсынамыз», - дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова. Оның айтуынша, концерт залын 1,8 млн. теңгеге жалға алуға тура келді. Бірақ ол ақшаны демеушілер өтеп беруге ниет білдірді.

Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектептерін құрудың басты мақсаты - білім беру саласындағы үздік тәжірибені жинақтап, отандық мектептерге тарату. Осыған орай, бүгінде елдің түкпір-түкпірінен келетін мұғалімдер зияткерлік мектептердің базасында өз білімдерін шыңдап, білім беруді жаңаша жүргізуге үйреніп жүр.

Соңғы жаңалықтар