«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуде
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде, бұл бағдарламалар отандық және шетелдік тәжірибені зерттеудің нәтижесі болып табылады,
сонымен қатар, олар әрбір балаға жеке-жеке оқытылады, деп хабарлады «Орта білім берудің мазмұны: дәстүрлері мен өзгерістері» тақырыбына арналған ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова. Бұл туралы pm.kz сайты хабарлайды.
«Қазіргі таңда пәндер бойынша оқу бағдарламаларына арналған білім беру жобалары әзірленді. Жобада оқушылардың қалыптасқан жағдайларда және тосын жағдайларда түсіністік танытып, ақылын дұрыс пайдалана білуге, ақпаратты қабылдап, өзінің жеке көзқарасын сараптан өткізуге және кез келген жағдайда да жоғары бәсекеге қабілеттілік танытуға мүмкіндік беретін функционалды сауатты болуына ерекше назар бөлінді», - деді Күләш Шәмшидинова.
Ұйымның басқарма төрайымы айтып өткендей, білім алуға қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың тез өзгеріп отыратын талаптары ықпал етеді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жаңа заманауи білім беру бағдарламаларын қабылдайтын алаңдар болып табылады.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» заманауи білім беру бағдарламаларын дайындайтын және енгізетін сынақ алаңы болып табылады. Біз Финляндия, Швеция, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Америка, Жапония, Корея сияқты елдердегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын зерттедік», - деп атап өтті Күләш Шәмшидинова.
Әлемдік тәжірибе құрылымдалып, білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаттары анықталды. «Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибені зерттей келе біз, жаһандану кезінде әлем бойынша білім беру ой елегінен қайта өткізіледі деген қорытындыға келдік. Әлемнің көптеген елдеріндегі, соның ішінде ТМД елдеріндегі дәстүрлі білімге бағытталған үрдістің орнына әрбір балаға жеке жол табу үрдісі келуде», - деп атап өттіі Күләш Шәмшидинова.