«Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі - 2011» конкурсы жеңімпаздары марапатталады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі - 2011» конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады, деп хабарлады аталған ібілм ордасының баспасөз қызметінен.
None
None

Жылдың соңына қарай ұйымдастырылған іс-шара мұғалімдердің кәсіби қызметтерін қорытындыламақ. Конкурсқа Астана, Көкшетау, Өскемен, Талдықорған, Семей қалаларындағы зияткерлік мектептерден үш үміткерден, барлығы 18 ағылшын тілі, химия, физика, биология, математика және тағы басқа пәндердің мұғалімдері қатысты. Әрбір қатысушы алдымен өз аймағында мектепішілік іріктеуден өтті.

«Үздік мұғалім - 2011» конкурсының негізгі мақсаты педагогтардың шығармашылық қызметін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру, Назарбаев зияткерлік мектептері мұғалімдерінің кәсіби деңгейін өсіру.

«Үздік мұғалім - 2011» конкурсы бес турдан тұрады. Қатысушыларға кәсіби, интеллектуалды, творчестволық және ақпараттық коммуникациялық біліктілігін көрсету қажет. Әділ қазылар үміткерлерді бір қатар өлшемдер бойынша сынайды: кәсіби шеберлік, жеке қасиеттері, педагогикалық қызметінің тиімділігі. Конкурс нәтижелері бойынша әділ қазылар жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпазға «Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі - 2011» деген атақ беріледі.

Соңғы жаңалықтар