Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Оқу-ағарту министрі Назарбаев зияткерлік мектептерінде дарынды балалардың оқу ақысын төлеуге арналған ҚР Президентінің «Өркен» білім грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды.

В Казахстане изменились размеры грантов для учащихся НИШ
Фото: nis.edu.kz

Ереженің жаңа редакциясында бір оқушыға бюджеттен бөлінетін гранттың мөлшері өзгертілген.

Сонымен гранты құнын мынандай мөлшерде белгіленіп отыр:

— жатақханада тұру құнын есептемегендегі жылдық оқу құны — 2 190 080 теңге;
— жатақханада тұру құнын есептегендегі жылдық оқу құны — 3 053 940 теңге.

Бұған дейін грант құны сәйкесінше 2 349 191 теңге және 3 247 305 теңге болған еді. 

Былтыр күзде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат азайғанын мәлімдеген еді. 

Соңғы жаңалықтар