«Назарбаевпен ең бастылар жайлы...» атты деректі сұхбаттың толық нұсқасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің саяси шешімдері мен жеке көзқарасы, тарихи сәттердегі ұстанымдары туралы «Хабар» арнасындағы «Назарбаевпен ең бастылар жайлы...» атты деректі сұхбатта айтылды.
Онда Еуразиялық интеграция, Ресей мен Украина қарым-қатынасы, ЭКСПО-ны өткізуге жауапты шенеуніктердің тұтқындалуы жайында ашық сөз болды. Фильмде Н.Назарбаевтың әр жылдары айтқан сөздері мұрағат материалдары арқылы көрсетілді.
Деректі сұхбатта Елбасы қазақ тарихы, тұтас ұлт болып қалыптаусымыз, ел болашағы туралы ой-толғамдарын айтты.