Назарбаевтың ортақ ғылымды дамыту бастамасы болашағымыз үшін қажет - Бердімұxамедов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен салтанатты жиында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедов түркі елдерінің ортақ ғылымын қалыптастыруды қалайтынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өз сөзінде Бердімұxамедов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттермен таныс екенін, соның ішінде латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайтынын жеткізді. «Ол да - біздің ұлттық құндылығымыздың бірі. Менің ойымша, осы салада бірлесіп атқаратын шаруаларымыз баршылық. Аталған мәселені біз кеше де кеңінен талқыладық. Өйткені ортақ ғылым болмаса, жастар оған құлшынбаса, бірде бір мемлекет алға баса алмайды. Сондықтан біз Қазақстан Президентінің осы бастамасын да қуана-қуана қолдаймыз», - деді Бердімұxамедов бүгінгі алқалы жиында. Ол жерде Түрікменстан Президентінің жылқы мен ат өнеріне арналған үш бірдей қазақ тіліндегі кітаптың таныстырылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды тапсырды . Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек.