Назерке Күзесова: Бизнесті жүргізу - үлкен жауапкершілік

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Райымбек» шаруа қожалығының басшысы, модель, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Назерке Күзесова «Жас Отанның» IV съезіне қатысып жатыр. Ол аграрлық салаға қалай келгені туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Назерке Күзесова: Бизнесті жүргізу - үлкен жауапкершілік

Назеркенің айтуынша, ол бұл салаға кездейсоқ келмеген, себебі шаруа қожалығы - отбасылық бизнес.
«Біз қажырлы еңбек пен ауызбіршіліктің арқасында табысқа қол жеткіздік. Бүгінде біз БАӘ және Иран елдеріндегі компаниялармен ет жеткізу мәселелері бойынша тікелей келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бізде ет өнімдерін сертификаттау жүйесінде бірқатар мәселелер бар. Бірақ, біз қорықпаймыз, біздің болашағымыз алда. Бұдан бөлек, экспорттаушыларға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекеннің» өңірлік басқармасы көмектесіп жатыр», - деді Н.Күзесова.
Назерке шетелдік ауылшаруашылық нарығын игеру үшін халықаралық құқықты үйреніп жатыр. Бұдан бөлек, шаруа қожалығының басшысы фотомодель ретінде де танымал.
«Тек бәсекелестік қана даму үшін жағдай жасайды, жақсы өнім береді. Бұл біздің тұтынушыларымыз үшін де маңызды», - деп түйіндеді ол.