Назгүл Рахметуллина — Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

тағайындау
Фото: Жоғарғы сот

АСТАНА. KAZINFORM — Назгүл Рахметуллина Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. 

Асламбек Мерғалиев ұжымға Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Назгүл Рахметуллинаны таныстырды.

— Назгүл Мәуілханқызы өз ісін адал атқаратын әрі принципшіл маман. Еліміздің сот жүйесінде атқарған көп жылдық тәжірибесі бар. Оның осы аса жауапты лауазымға тағайындалуы Мемлекет басшысының зор сенімін білдіреді, — деп атап өтті А.Мерғалиев.

жоғарғы сот төрағасы
Фото: Жоғарғы сот

Ол Н.Рахметуллина өзінің барлық білімі мен тәжірибесін жұмсай отырып, қызметтік борышын абыроймен атқаратынына сенім білдірді. 

Назгүл Рахметуллина 1978 жылы туған, ШҚО тумасы.

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін мына лауазымдарда жұмыс істеді:

2000-2004 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық сотының маманы,

2004-2015 жылдары — Өскемен қаласы № 2 сотының судьясы,

2015-2020 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.

сот
Фото: Жоғарғы сот

 

Соңғы жаңалықтар