02:47, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Нәзік жандылар неліктен көңілсіз фильмдерді көруді ұнатады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көңілсіз кинотуындыларды бірге отырып көргенде өзара эмоциялар алмасуы жүреді екен. Мұндай фильмдерді қарау барысында әйелдер достығы нығая түседі. Осы сәтте экрандағы күлкілі сәттер әйелдерге одан да көңілдірек болып көрінсе, ал қайғылы сәттердің адамға түсіретін ауыртпалығы жеңілдей түседі екен, деп жазады MedDaily.ru.

Ғалымдар өткізген зерттеуге 20 мен 33 жас арасындағы құрбылардың 30 жұбы қатысыпты. Әйелдерге олардың эмоцияларын туғызатын суреттер көрсетіліп, бағалау ұсынылды. Қатысушылар суреттерді бірге және бөлек қарап көргеннен кейін олардың милары сканерленген. Нәтижесінде суретті құрбысымен бірге қараған әйелдер оны неғұрлым оңтайлы етіп бағалайтыны анықталды.
Ғалымдардың айтуынша, нәзік жандылар фильмді өзара эмоциялық уайымдарымен алмасу үшін көреді, деп жазады 24.kz.