Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

ПАРИЖ. KAZINFORM — Парижде өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай алғашқы айқасын жеңіспен бастады.

Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: Сали Сабиров

50 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар