Назира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты жаңа кітабы жарық көрді

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, журналист Нәзира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жинаққа қаламгердің соңғы жылдары жазған эссе-мақалалары топтастырылған.

Назира Байырбектің «Журналистің жұлдызды сәттері» атты жаңа кітабы жарық көрді

Кітап «Санадағы сағыныш», «Фариза-тау», «Көңілден кетпейтін күз», «Жоқ іздеген жазушы», «Кемел тұлғамен кездесу», «Шерлі әңгіме», тағы басқа тарауларға бөлінген. Осы жазбалары арқылы автор белгілі тұлғалар болмысының нәзік қырларын ашуға ұмтылыс танытады. Сонымен бірге, алдыңғы толқын ағаларына шәкірттік сезіммен қарай отырып, өзінің де ерекше ықыласқа бөленгенін баяндайды.

Айта кету керек, бұған дейін «Журналистің жұлдызды сәті» айдарымен «Астана ақшамы» газетінде жарияланған аталмыш жазбалар оқырман ықыласына бөленген.

Жинақ 2000 дана таралыммен «Алаш жолы» баспасынан жарық көріп отыр. Нәзира Байырбектің қаламынан туған "Билік биіктік емес" және ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның өмірі мен өнерінен сыр шерткен "Нұржамал" атты авторлық кітаптары халықтың жоғары бағасына ие болған.