Назраньдағы лаңкестіктен қаза тапқандардың саны 24 адамға жетті
НАЗРАНЬ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Назраньдағы аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты жанында болған лаңкестікте мерт болғандардың саны 24 адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғанындай, тамыздың 17-сінде таңертең болған жарылыс кезінде 21 адамның опат болғаны, 130 адамның жарақаттанғаны хабарланған болатын.
Агенттік сұхбаттасушысының айтуынша, мерт болғандардың саны ұлғаюы мүмкін. Қазіргі уақытта аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының қарсы жағындағы үйдегі бір қыздың қаза тапқаны туралы ақпарат тексеріліп жатқан көрінеді.