Назранның орталығында лаңкестік әрекет жасалды

АСТАНА.  Тамыздың   17-сі. ҚазАқпарат -  Назранның  орталығында   лаңкестік    әрекет  жасалды.    Мәскеу   уақыты  бойынша сағат 9.00-да  қалалық   ішкі істер    бөлімі ғимаратының   жанында   жарылғыш   құрылғы іске қосылды.    Республиканың  ішкі істер министрлігінен    хабарлағанындай,

Назранның   орталығында  лаңкестік әрекет   жасалды

лаңкестік салдарынан  ең  кем дегенде 5 адам   қаза тапқан.     Жараланғандардың саны  әлі  нақтылануда.

Шабуылды     ішкі істер  органының  ғимаратына  «Газель»   маркалы   микроавтобусын айдап келген     жанкешті-лаңкес жасаған.

Құқық қорғау  органдарының  алдын-ала мәліметтері  бойынша,    жарылыстың   қуаты  20 килә  тротилді  шамалаған.    Жарылыстың    күшті болғаны соншалық,     ішкі істер  ғимараты өртенген.  

Ингушетиядағы жағдай  қазір   қатты күрделеніп  отыр.  Өткен  аптада  Магаста     республиканың  құрылыс министрін  өз кабинетінде атып кетті.