Назым Қызайбай: Финалда көрермендердің қолдауы көмектесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 48 келіден артық салмақ дәрежесінде рингке шығатын Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ақтық жекпе жекте ол қытайлық Янь Вангты жеңді.
None
None

Қазақстандық бокс федерациясына берген сұхбатында Назым өз әсерімен бөлісті:

- Ең жоғарғы көрсеткішті көрсетуге тырыстым, - деді Назым Қызайбай. - Бұрын да әлем чемпионы атағын ұтып алғанмын. Алайда өз алаңымызда екінші мәрте үздік атанғаныма қуаныштымын. Қытайлық қарсыласым мықты болды, алайда мен оны зерттеп алдым. Дер кезінде күшімді жұмсай білдім.

Төрт кезең қатарынан жанкүйерлеріңіз қолдау көрсетті. Соның көмегі тиді ме?

- Әрине, ол маған қосымша күш-қуат берді. Алдағы уақытта да оларды жетістіктеріммен қуантуға тырысамын.

Қазақстандағы әйелдер боксына назар аудара бастағанын сездіңіз бе?

- Әлбетте, өйткені Астанада өткен бұл әлем чемпионаты елдегі әйелдер боксының дамуындағы үлкен қадам. Көрермендердің көңілі толды деп үміттенемін.

Турнирді ұйымдастыру деңгейін қалай бағалайсыз?

- Бұл әйелдер арасындағы чемпионаттың ең үздігі деп ойлаймын. Біздің еліміз ауқымды жарыстарды ұйымдастыруға қауқарлы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Турнирде барлығы бүге-шүгесіне дейін ойластырылған. Дода қонақтары әлем чемпионатының ұйымдастыру деңгейін көріп таңданды деп санаймын.

Ербол Қайыров

2 3

Соңғы жаңалықтар