Назым Қызайбайдың ауыр балғамен жаттығуы әлеуметтік желіге тарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучьеде өткен бокстан ТМД ашық кубогының жеңімпазы Назым Қызайбайдың ерекше жаттығып жатқан видеосымен әлеуметтік желіде Марат Иғали бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Назым Қызайбайдың ауыр балғамен жаттығуы әлеуметтік желіге тарады

«Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы және еліміздің ең стильді боксшысы Назым Қызайбайдың жаттығу сәтті. Сырттай нәзік көрінетін Назым Бурабайда, Щучьеде өткен ТМД ашық кубогында жеңіске жетті. Құтты болсын! Турнир жыл сайын өтетін болады және оның басты мақсаты - Щучье-Бурабай курортты аймағына туристер тарту», - деді Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали.

Айта кетерлігі, аталған турнирдің ақтық жекпе-жектері 7 наурыз күні өткен болатын. 51 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Назым Қызайбай соңғы кездесуінде Жайна Шекербековадан басым түсті. Ал үшінші орынды үндістандық Самджубала Сарджетсаба мен украиналық Татьяна Коб бөлісті.

Жалпы бұл турнирде қазақ қыздары 6 алтын медаль иеленген болатын.




фото:Данияр Майлыбаев