NBA алғаш рет Кубада жаттықтыру лагерін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ұлттық баскетбол қауымдастығы Кубада алғашқы рет жаттықтыру лагерін ашты, деп жазады 24.kz.

NBA алғаш рет Кубада жаттықтыру лагерін ашты

Әлемнің жетекші лигасын баскетболдың бұрынғы және қазіргі жұлдыздары таныстырды. 4 күнге созылатын спорттық шара кезінде үздік ойыншылар Кубаның түрлі құрамаларымен жаттығу өткізіп, жас ойыншыларға шеберлік сабақтарын көрсетеді.

Аталған шара АҚШ пен Куба арасындағы қарым-қатынастың оңалуынан кейін мүмкін болып отыр. Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында АҚШ президенті Барак Обама ресми түрде екі ел арасында дипломатиялық қатынастың қайта жанданғанын мәлімдеген болатын.