NCOC консорциумы MH17 бортында Тамби Бин Джиидің отбасы қаза болуына байланысты көңіл айтты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қашаған кенішін игеріп жатқан NCOC консорциумы MH17 бортында Тамби Бин Джиидің отбасы қаза болуына байланысты көңіл айтты.
NCOC консорциумының қызметкерлері Малайзия авиажелісінің МН17 бортында Shell компаниясынан іссапарға келген NCPOC бұрынғы қызметкері Тамби Бин Джии мырзаның қайғылы қазаға ұшырағанына қатты қайғырып көңіл білдірді. Тамби, оның зайыбы Ариза Газали мен балалары Мохд Афиф, Мохд Афзал, Марша Азмина мен Мохд Афруз Қазақстанда отағасының үшжылдық келісімшарты аяқталғаннан кейін Малайзияға қайтып бара жатқан. Консорциум марқұмдардың туған-туысқандарына шын жүректен қайғыларына ортақтасатынын айтып, өздерінің көңілдерін білдірді», делінген NCOC консорциум баспасөз қызметінің хабарламасында.