Неаполь: он метрлік шұңқыр пайда болып, 380 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неапольде су құбыры жарылып, тұрғын үй кварталының ортасында он метрлік шұңқыр пайда болды, деп жазады euronews.com.

Неаполь:  он метрлік шұңқыр пайда болып, 380 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жергілікті билік хабарлағандай, шағын ойық өткен аптада байқалған. Алайда онымен айналысуға үлгермеген. Өткен демалыс күндері жауған жаңбыр жағдайды күрделендіріп жіберді. Маңындағы үй-жайлардан 400-ге жуық адам құтқарылды.