Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2009 жылғы деңгейден 4,8 пайызға төмен болды - Ж.Айтжанова
енің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2009 жылғы деңгейден 4,8 пайызға төмен болды. Бұл туралы бүгін жартыжылдықтың қорытындысына арналған Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Есеп беріп отырған кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2009 жылғы деңгейден 4,8 пайызға төмен болды. Бұған шетел инвсторлары мен несиеге алынған қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын инвестициялар көлемінің қысқаруы себеп болды», - деп атап өтті министр.
Осыған байланысты Ж.Айтжанова шетел инвестицияларының үлесі 2009 жылы 42,6 пайыздан 27,6 пайызға, сондай-ақ несиеге алынған қаржылар 9,8 пайыздан 7,4 пайызға дейін төмендегенін атап өтті.
«Инвестициялар көлемі өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік, қойма, қаржы және сақтандыруда өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда төмен болды. Өз кезеңінде жалпы инвестиция құрамында кәсіпорындарының өз қаражаттарының үлесі артып, 45 пайызға жетті. Есепті кезеңде инвестициялардың ауыл шаруашылығында 40,2 пайызға, өнеркәсіпте 27,7 пайызға, құрылыста 39,8 пайызға, электрэнергиясы саласында 54,8 пайызға өсуі байқалды», - деді ведомство басшысы.