Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде өндіруші емес салаларда инвестиция тарту белсенділігі байқалуда. Осыған байланысты, есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ды құрады», - деді Ә. Ерғалиев.

Оның айтуынша, инвестиция құрылыс саласында – 2,3 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 83%-ға, ақпарат және байланыста – 48%-ға, ауыл шаруашылығында – 46%-ға, саудада – 40%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар 16%-ға және көлікте – 8,3%-ға өсті.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады.



Соңғы жаңалықтар