Негізгі заңда табысты дамудың барлық құқықтық тетіктері қамтылған - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата Заңда табысты дамудың барлық құқықтық тетіктері қамтылған. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Біздің Конституциядағы қағидаларды ұстана отырып, екі онжылдықтың аясында ғана ұлы жолды еңсеріп өттік. Бүгінде Қазақстан қалыптасқан, өркениетті мемлекет. Бұл біздің Ата Заңдағы барша қағидалар мен ұстанымдардың іс жүзінде нақты жүзеге асыруының көрінісі. Мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жақсыға қарай өзгеруге қауқарлы болса ғана тиімді болады. Біздің Негізгі заңда табысты дамудың барлық құқықтық тетіктері қамтылған»,-деді Президент.

Елбасы ғасырдың ортасына қарай Қазақстанды әлемнің ең дамыған елдерінің біріне айналдыру бағытында жаһандық мақсат қойылғанын, бұл тұрғыда стратегиялық бағдарламалар даярланғанын атап өтті.

Осы орайда Н. Назарбаев көшбасшы барлық елдерде табыстылықтың екі құрамдас бөлігі бар екенін, біріншісі қарқынды экономика мен жаңарту екенін, ал екіншісі тұрақты конституциялық жүйе мен тұрақты мемлекет екенін қадап айтты. "Осы екі фактор ХХІ ғасырда Қазақстанға толықтай қажет".

Соңғы жаңалықтар