Негізгі ҰБТ-ға бір күнде 152 мыңнан астам талапкер өтініш берді

ҰБТ
Фото: Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM — Негізгі ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталғалы бір тәулік ішінде 152 438 талапкер тіркеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеудің алғашқы қадамына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестіленушілер 6-13 мамыр аралығында алғашқы әрекетке өтініш береді. 

Тіркеу кезінде талапкерлер кез келген күнді, уақытты және тестілеу пунктін таңдай алады.

Соңғы жаңалықтар