«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексінің жобасы 279-баптан тұрады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Әлеуметтік- мәдени даму комитеті «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі жобасын бірінші оқылымға дайындап, қорытынды шығарды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы кодекс жобасында қазіргі уақытта қолданылып жүрген 1998 жылғы желтоқсанның 17-сінде қабылданған «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері өз көрінісін тапты. Кодекстің жобасы барлығы 279-баптан тұрады, оның 110-бабы жаңа баптар болып табылады.Жұмыс тобы барлығы 25 отырыс өткізді. Мәжілістің комитеттері мен депутаттарынан 400-ден астам ұсыныс түскен. Мемлекеттік бюджеттен шығыстарды арттыруды талап ететін нормалар Үкімет тарапынан қолдау таппаған. Сол сияқты жоба отбасы мен баланың мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар жаңалықтарды көздейді, атап айтқанда, ол ? заңмен қорғалатын, азаматтардың жеке және отбасы өмірінің құпиясын көздейтін жағдайлар.Ұл (қыз) асырап алу жөніндегі тарау елеулі түрде қайта өңделді, ұл (қыз) асырап алушының құқықтары мен міндеттері және ұл (қыз) асырап алу тәртібі бөлігінде жаңа нормалар қабылданды, ұл (қыз) асырап алуды жою жөніндегі негіздер кеңейтілді. Ұл (қыз) асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу мәселелері бойынша Кодекстің жобасына депутаттар қосымша енгізген бірқатар нормалар балалардың құқықтарын қорғауға қатысты ұлттық заңнамаға және халықаралық Конвенциялардың талаптарына сәйкес келтірілді.Жұмыс тобының жұмысы барысында кейбір нормалардың ережелері нақтыланды және редакциялық тұрғыда жақсартылды, заң техникасының ережелеріне және норма шығарушылық тәжірибесіне сәйкес келтірілді. Тұтастай алғанда, осы Кодекстің жобасын қабылдау отбасы-неке қатынастарын реттейтін нормаларды жүйелеуге және жетілдіруге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
telegram