"Неке және отбасы туралы" ҚР Кодексінің жобасы бірінші оқылымда мақұлданды - Сенат

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Парламент Сенаты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Еліміздегі неке-отбасы қатынастарын реттеуге олардың жүзеге асырылуының кепілдіктерін белгілеуге, сондай-ақ отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Кодекс жобасын таныстырған Әділет министрі Рашит Түсіпбеков: «Кодекс жобасы адамның жеке өміріне қол сұқпау, жеке өмірінің құпиясын жария етпеу туралы лауазымды тұлғаның жауапкершілігін көздейді»,-деді.

Бірінші оқылымда мақұлданған жобаны Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне екінші оқылымға әзірлеу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар